16 маусым 2022 10:00

Толқын Забирова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Белгілі әнші Толқын Забирова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Толқын Забирова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайырлы күн, достар! Осылай басыма күн түсіп тұрған кезде менің қасымда қаншама жанашырым барына, осындай қиын сәтті менімен бірге бөлісіп жатқан жандардың барына көзім жетіп отыр. Сіздерге көп рақмет! Енді ең бастысы - аяқ-қолым сау, сынған сүйектерім жоқ. Мынау мидың шайқалуы деген нәрсемен күресіп жатырмыз. Алаңдамаңыздар, ем алып жатырмын. Осы айтқан тілектеріңізді Алла Тағалам өзі қолдап, еселене алдарыңыздан түссін. Бастарыңызға мұндай күн төнбесін деп тілеймін. Ал рөлде отырған жандарға ұқыпты, сақ, жауапты болыңыздар деп айтқым келеді. Өйткені бұл орында бөтен емес, мен емес, өздеріңіздің бір туысыңыз да отыруы мүмкін. Сондықтан үлкен жауапкершілікпен өмірге қарайық", - деді әнші Желіде

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін әнші Толқын Забирова жол апатына ұшыраған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram