Үйлену тойын жария қылып өткізетініме келіншегім де таңғалып жүр - Төреғали Төреәлі

© Instagram

Белгілі ?нші Т?ре?али Т?ре?лі таяуда ?йленуі тойын ?ткізеді. Ол биыл 25 жас?а толып отыр, ал осы?ан орай ?тетін "Айхай 25" жеке концертінен кейін екі к?ш к?н ?ткенде елге жария ?ылып той ?ткізетінін айтты. Б?л туралы ?нші "31 телеарнаны? "Айта берсін" тілшілеріне берген эксклюзив с?хбатында м?лімдеді. 

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі таяуда үйленуі тойын өткізеді. Ол биыл 25 жасқа толып отыр, ал осыған орай өтетін "Айхай 25" жеке концертінен кейін екі күш күн өткенде елге жария қылып той өткізетінін айтты. Бұл туралы әнші "31 телеарнаның "Айта берсін" тілшілеріне берген эксклюзив сұхбатында мәлімдеді. 

Ол тойдың 17 қазанда өтетінін айтты. "Сөзімде тұрдым деуге болады. Өйткені мен үйлену тойын жасаған кезде мұқым қазаққа жария қылып, айтамын деп уәде берген едім. Сол уәдеде тұру керек, жігіттің екі сөйлегені өлгені. Оған бәрі таңғалып жүр. Келіншегімнің өзі сөйтіп таңғалып жүр қазір. Мен өзі сөзінде тұрмайтын, тұрақсыз адамға ұқсамайтын сияқтымын негізі. Біздікі ниет, мұның бәрі Алланың қалауымен болады. Бұйыртып жатса, бізге ғана емес, бүкіл қазақ еліне келін болады деп ойлаймын", - деді ол.

Оның айтуынша, тойға келетін қонақтарды өзі шақырмайды екен. Бұл іспен музыкалық продюсері Жан Мұқанов айналысады. Мұқановтың айтуынша, тойға сәуірден бастап дайындық жүріпті.

Реклама
Реклама

"Бұл туралы ешкімге айтпадық. Ал енді шақырту билеттері дайын, құпия ұстаудың мән жоқ. Бұл шақыру билеттері қазір Астанада таратылып жатыр, Instagram желісінде суреттерін көре аласыздар. (...) Той телеарнадан көрсетіледі, үш-ақ адам сөз сөйлейді деп келістік", - деп мән-жайын ашып айтты әншінің продюсері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама