12 қазан 2017 09:04

Вирусқа айналған "Зың-зың" әнінің авторы табылды

Күздің басты хитіне айналған "Шымкенттің қыздары зың-зың" әнінің, сөзінің және аранжировкасының авторы композитор Болат Нұрымов екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күздің басты хитіне айналған "Шымкенттің қыздары зың-зың" әнінің, сөзінің және аранжировкасының авторы композитор Болат Нұрымов екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

"Мен студияда ән өңдеймін. Кейде шаршаймын, бір музыкамен жұмыс істей бергеннен жалығасың. Сол кезде көңіл көтеру үшін түрлі қызық әндер жазамын. Сосын клиенттерден ұялып, өшіріп тастаймын. Бұл композицияны мен өшіріп тастаған сияқты едім. Бірақ Интернетке қалай тарап кеткенін білмеймін", - деді ол.

Соған қарамастан, айтуынша, бұл әнге авторлық құқығы да бар екен. Алайда Jokeasses вайнерлеріне ешқандай да шағымы жоқ. Композитор өз сөзін дәлелдеу үшін Instagram желісінде авторлық құқығын растайтын құжат көрсетті. 

Реклама
Реклама


© instagram.com/bolat.abdixalik

Болат Нұрымов Шымкентте туған, қазір Алматыда тұрып жатыр. Ол көптеген танымал әншілерге ән жазғанын айтады. Олардың қатарында Тоқтар Серіков, Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртастар бар екен.

Айта кетейік, күздің басты вирус әніне айналған "Зың-зыңға" "Шудың бойында" хитінің авторы мен Жан Ахмадиев бірігіп, бейнебаян түсірген еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram