Халықаралық байқауда қазақстандық модель "Бикини аруы" атанды

Халықаралық байқауда қазақстандық модель "Бикини аруы" атанды Анна Левицкая. Сурет жеке мұрағаттан алынған

26 жастағы астаналық Анна Левицкая Түркияда өтіп жатқан халықаралық The Queen of Eurasia-2015 байқауына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арулар финалға қызу дайындалып жатыр, ол 8 қазанда Анталияда өтеді. Әзірше Еуразия континентінен келген барлық қыздар аралық кезеңдерден өтіп жатыр - дефиле, дарындар байқауы, спорттық шаралар. Анна "Бикини аруы" титулын жеңіп алды. Айта кетейік, қыздың параметрлері халықаралық 90-60-90 стандартына жақын, бойы - 172 сантиметр.

Реклама
Реклама

Анна Левицкая 2014 жылы Photomodel of the Universe сұлулық байқауына қатысқан және ол әлемнің ең үздік фотомодельдерінің бестігіне енді. Қыз 2012 жылы "Астана II вице-аруы" атанған. Қазір дефиле бойынша бапкер, модель және PrimaVera агенттігі директорының орынбасары болып қызмет етеді.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама