Жартылай жалаңаш күйде билеген алматылық қыз Грузияда жұртты дүр сілкіндірді

Ева Шиянова

Алматылық биші Ева Шиянова Грузиядағы Georgia's got talent таланттар шойына қатысып, жартылай финалға өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ева Шиянованың қойған номері қазылар алқасын таңғалдырды, олар өз эмоцияларын жасыра алмады. Оның қойылымы әсіресе ер адамдарға қатты ұнады. Енді Ева финалға шығу үшін өнер көрсететін болады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық биші жақында ғана Румынияның таланттар шоуына қатысып, жартылай финалға дейін өткен болатын. Румынияның ақпарат құралдары Еваның қойылымының өте жарқын әрі есте қаларлықтай болғанын жазды. Көрермендер бишіге орындарынан тұрып қолдау көрсетті. еваның билеген сәті түсірілген видео Facebook әлеуметтік желісінде 39 миллион көрілім жинады. 

Ева Шиянова - стрип-пластика бойынша Қазақстан чемпионы. Ол сонымен қатар, халықаралық Face to face фестивалінің жеңімпазы. Ол бұған дейін Украинаның "Танцуют все" бағдарламасына да қатысқан. Конкурс қорытындысы бойынша Ева ТМД елдері арасында ТОП-40 бишілердің қатарына кірді. Ол Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында жұмыс істеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама