29 қараша 2021 | 18:56

Қазақстандық ғалым NASA ғарышкерлеріне салмақсыздықта өмірін жеңілдетуге көмектеседі

Флорида университетінің докторанты Ғалымжан Исабеков салмақсыздық ғарышкерлердің миына қалай әсер ететінін зерттеумен айналысады. Ол NASA қаржыландыратын бірнеше жобаға мүше. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық туралы "Білімді ұрпақ" жобасы аясында әңгімелейді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Флорида университетінің докторанты Ғалымжан Исабеков салмақсыздық ғарышкерлердің миына қалай әсер ететінін зерттеумен айналысады. Ол NASA қаржыландыратын бірнеше жобаға мүше. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық туралы "Білімді ұрпақ" жобасы аясында әңгімелейді. 

Ғалымжан ғарыш медицинасына бірден келмепті. Ол Бейжің университетінде (Peking University) жалпы медицина факультетінде білім алып, артынша нейрохирург боламын деп шешіп, Бейжің функционалдық нейрохирургия институтының резидентурасында қалып, елдегі ең мықты ауруханалардың бірінде резидент дәрігер болып жұмыс істеген. Кейін Ғалымжан АҚШ-қа нейрохирург ретінде барған, алайда бәсекелестіктің қатаң болуы және басқа да факторларға байланысты ол өмірін ғарышпен байланыстыруды ұйғарған.   

Реклама
Реклама

"Осылайша осы саламен таныстым. (...) Маған америкалық дәрігер лицензиясын алу үшін емтиханнан жоғары балл, ғылыми мақалалар мен байланыстан бөлек іліпаларлық қасиетім болуы керегін айтты. Сол кезде осы мәселені ойлап жүргенімде Facebook-те Байқоңырдың суреттерін көріп қалдым да "ғарыш пен медицина ма?" деп ойладым.

Интернеттен іздеп, қарай бастадым. Мәскеуде аэроғарыш медицинасы туралы (өзім жауабын іздеп жүрген сұрақтар болды) конференция болатынын көріп қалдым, сосын ақша жинап, барып келдім. Ол жерде шетелдік және ресейлік әріптестер болды. Сұрақтарымның жауабын таптым. Маған осы сала қарапайым нейрохирургияға қарағанда әлдеқайда қызық көрінді. Мен Ресей Ғылым академиясының биомедициналық проблемалар институтымен байланыстым, олар дүние жүзіндегі әріптестерін айтты. Емтиханнан өтіп, құжаттарымды жібердім және бәлкім менің шешім қабылдай білуімнен, клиникалық тәжірибем мен қытай және орыс тілдерін білуімнен шығар жолым болып кетті. Осылайша мені Флоридадағы қазіргі профессорым қабылдады", - ол.     

Бүгінде қазақстандықтың Флоридада жүргеніне төрт ай болды, қазір ол бірнеше жобамен айналысып жүр. 

  1. Жердегі жасанды ауырлықты қалпына келтіру және оның миға әсерін зерттеу.
  2. Ғарыштық тербеліс ауруы мәселесі бойынша Қазақстан-Ресей ғылыми жобасы.
  3. Ғарыштық ұшудан туындаған орталық жүйке жүйесінің өзгеруін қалпына келтіру кестесі. Бұл жобамен ғалымдар бес жыл бойы жұмыс істейді. Жоба ғарыштық ұшулардан туындаған ми өзгерістерінің тұрақтылығын анықтайды және олардың ұзақ мерзімді денсаулық пен жұмыс қабілеттілігімен байланысын анықтайды. Оны анықтау өте маңызды, себебі жақын болашақта біз адамның ғарыштық саяхаттарының ұзақтығы мен ауқымын арттырамыз.

Ғалымжан ғарышкерлер ұзақ уақыт ғарышта жүрген кезде қандай мәселеге тап болатынын айтып берді. 

"Халықаралық ғарыш станциясында экипаж мүшелерінің көбі ұзақ уақыт ғарышта жүргенде көру қабілеті нашарлайтынын айтады. Бастапқыда ол немен байланысты екенін білмедік, бірақ 2010 жылы осы проблемаға назар аудара бастадық, осылайша кейбір ғарышкерлердің ағзасында Жерге оралғанда да өзгерістер барын байқадық. Ми омыртқа сұйықтығының "айналымындағы" бұзылулар және біртіндеп салмақсыздық кезінде пайда болатын көз алмасының деформациясы ХҒС экипаж мүшелерінің көру қабілетінің нашарлауына себеп болды деп ойлаймыз. Егер бұл мәселені шешпесек, адамдарды Марсқа немесе Айға жіберу қауіпті болуы мүмкін. Олар ұзақ уақыт ұшқаннан кейін соқыр болып қалғанын қаламаймыз ғой. Сондықтан біздің зертхана осы мәселені шешумен айналысып жатыр", - дейді ғалым. 

Оның айтуынша, ғарышкердің жағдайына әсер ететін басқа да факторлар бар, мысалы, ғарыш станциясындағы көмірқышқыл газының деңгейі Жерге қарағанда 10 есе жоғары. Дәрігердің сөзінше, станцияда басқа да факторлар бар, мысалы шудың қатты болғанына қарамастан ғарышкер жұмыс істеп, ұйықтауына тура келеді. 

Одан бөлек, сүйек әлсіз болады, себебі салмақсыздық жағдайында олар қолданылмайды. Бұлшықеттер де массасын жоғалтады. Ғарышкерлердің біраз проблемасы міндетті жаттығулар арқылы шешілген. Оның ішінде, күніне екі сағат жүгіру және жаттығу бар. Бұл сол процестерді сәл де болсын азайтады. 

Сонымен қатар, Ғалымжан ғарышкерлер ұшар алдындағы және ұшқаннан кейінгі, сонымен қатар одан белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі көрсеткіштерін зерттеумен айналысады. Оның айтуынша, салмақсыздық кезінде ағзадағы сұйықтық Жердегі жағдайға қарағанда басқаша бөлінеді.  

"Жерде болған кезде жердің тартылуы аяқта қанның көп болуына әкеледі. Жүрек жоғарғы бөлігін, миын шайқайды және белгілі бір қысым болады. Ғарышкерлерде, керісінше, барлық сұйықтық алдымен басына, қан тамырларына көтеріледі. Сондықтан бастапқыда ғарышкерлердің беті ісініп тұрады және аяғы тауықтың аяғындай болады. Сосын уақыт өте келе салмақсыздық жағдайында болғанында сұйықтық орталыққа қарай, аяғына емес, кеудесіне қарай бөлінеді", - дейді ғалым.  

Одан бөлек, мида да функционалдық өзгерістер болады. Яғни кейбір функциялар уақытша "қатып қалады" да басқалары қосылады. Ол МРТ-дан көрінеді. Мидағы кейбір бөліктер үлкейеді, кейбірі кішірейеді. Сондай-ақ когнитив функциялар да өзгеріске ұшырайды: ақпаратты қабылдау, оны талдау, ақпаратты анализ жасау, есте сақтау", - дейді маман. 

Қазақстандықтың айтуынша, ол жұмысын жақсы көреді. Бірақ жұмыс уақыттары да оңай емес. 

"Басшымыз күн сайын демалыссыз жұмыс істетеді. Таңертең жетіде, кешкі асқа жетіде бірақ келемін, үйде де жұмыс істеймін. 12 сағаттан аса уақыт жұмыс істеймін, бұл жердегі, зертханадағы жағдай басқа", - дейді Ғалымжан. 

Оның айтуынша, демалуға көп уақыт та қажет емес, ол мұндай тәртіпке 12 жыл тұрған Қытайдағы жұмысы мен өмірі кезінде үйренген. 

"Мен үшін аптасына екі рет жүгіру міндетті және аптасына бір рет кешке әйеліммен отырып: фильм көремін немесе бірге уақыт өткіземін. Одан бөлек, бізде мынадай қағида бар: әр жүз күн сайын бір жерге барып келеміз. Жақында ғарыш айлағына барып келдік. 

Үнемі өзіме енді мұндай мүмкіндік болмайтынын айтамын. Оны әрдайым ұстап қалу керек. Ғылыми мақалалар жазып, ғылыми конференцияларға қатысу керек. Бұл менің негізгі мақсатымның орындалуына әсер етеді. Сонымен қатар, өзіме үнемі босаңсымау керегін айтамын. Нәтиже шыққан кезде босаңсуға болады", - дейді ол.  

Ғалымжан Исабеков жастарға ғылымға және ғылыми жаңалықтарға қызығушылықты қалай ояту керегін түсіндірді. 

Бірінші - өзіңді тану. Сен, айналаңдағы адамдар, ата-анаң неге сондай? Өзіңді қазбалап, өзгеруге талпыну керек. Неліктен олай істейсің, ойлайсың, сезесің. Оны өзгертуге болады. Ол туралы қызық кітаптар бар. Роберт Гриннің "Законы Человеческой Природы" және "Мастер Игры" атты еңбектерін оқуға кеңес беремін. 

Екінші - талдау жасай білу керек. Сыни ойлауды дамыту керек. Өмір ақ пен қара болып қана бөлінбейді. Басқа да түстер бар. Бізде ақпарат ағыны өте көп. Пайдалы және пайдасыз нәрсені ажырата білу керек. Егер адам талдай алмаса, сол қоқысты қабылдап, өзі де қоқыс шығаратын болады. Бүгін соны істей алмайтын жастар көп. Бәрін тыңдап, көре береді. Адамның кімдерге жазылғанын көріп кім екенін түсінуге болады.  

Үшінші - еңбек этикасы. Бағытты Еуропа мен Америкадан алмауымыз керек. Олар бұл кезеңнен өтіп кеткен. Бірақ соларға қарап жатамыз. Еңбек этикетіне байланысты айтар болсақ, көрші елдерге қарау керек - Қытайға, Үндістанға. Біз басқа галактикада өмір сүретіндейміз. Біздің уақыт басқаша өтіп жатыр. 

Төртінші - мұғалім табу. Кең мағынада. Ол YouТube арна болуы мүмкін. Кениялық Олимпиада чемпионы бар. Ол алтын медаль алған, бірақ YouТube-тен үйренген, себебі өз елінен мұғалім таппаған. Бүгінде интернет керемет зат, бәрін үйреніп алуға болады. Ол сіздің сенсейіңіз бола алады. Қазақстандық озық мамандар да сіздің мұғаліміңіз бола алады немесе кітап оқу керек. Ұлы тұлғалардың автобиографиялық кітаптары бар, солардың ізімен жүруге болады. 

Бесінші - денсаулығыңызға дұрыс қараңыз. Адам карьерасы дамығанымен денсаулығы дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан қандай да бір қызметке тағайындалмауы мүмкін. Жақсы бір мысал бар - жапон премьер-министрінің ішек колиті болған. Сл үшін қызметінен бас тартты. Денсаулыққа дұрыс қарау керек. Қажет кезде газды максимал түрде басу үшін. 

Соңғысы - әдеттегіден тыс шығу. Мысалы өз араңда ақылды болуың мүмкін, сен үлкен ренаға шығып көрші. Тек сыныпта жақсы оқымай, мектепте, облыста, елде және дүние жүзінде үздік бол. Халықаралық стандартқа сай болу керек, сенің "Жас Отанда" болуың түкке тұрмауы мүмкін. 

Сонымен қатар, Ғалымжан Қазақстанда Нобель лауреаттары шығу үшін не істеу керегін айтты.   

"Өмірде жаза да алмайтын, оқи да алмайтын нәрселер болады, оны тек сезу керек. Физикадан шыққан Нобель лауреаттарының бірі Нобель сыйлығының лауреатымен жұмыс істеу керегін айтқан. Ондай білімді ешқайдан алмайсың. Сонымен қатар, Нобель лауреаттарының кітабын оқу керек. Мүмкіндік болса докторантураны сол кісілерден оқу керек. Бұл жерде жұмысына қатты берілген адам болу керек. Сондай адамдарды алады. Шешім қабылдай білу керек", - дейді ғарыш дәрігері. 

Ғалымжан арманы туралы былай деді: "Алғашқы ғарышкер Марсқа ұшқан кезде оның проблемаларын шешетін ғалымдардың арасында болсам деймін". 

Tengrinews.kz "Білімді ұрпақ" жобасын "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірге жүзеге асырып жатыр. Жоба мақсаты - Қазақстандағы адами капитал байлығын көрсету және белгілі бір деңгейде күш-жігер салынып, мақсатқа ұмтылса, әркім қол жеткізе алатын мүмкіндіктерді көрсету. Жоба аясында жас ғалымдармен, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының студенттерімен, инноваторлармен, инновациялық стартаптардың жас кәсіпкерлерімен материалдар жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная