Дрондар Мәскеуге тағы шабуыл жасады: МӨЗ өртеніп жатыр, әуежайларда шектеу енгізілді

Дрондар Мәскеуге тағы шабуыл жасады: МӨЗ өртеніп жатыр, әуежайларда шектеу енгізілді Бейнеден алынған кадрлар

Мәскеуге тағы дрондар шабуыл жасады, ұшқышсыз ұшу аппараттары бірнеше нысанға, соның ішінде мұнай өңдеу зауытына соққы берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәскеуге тағы дрондар шабуыл жасады, ұшқышсыз ұшу аппараттары бірнеше нысанға, соның ішінде мұнай өңдеу зауытына соққы берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, Мәскеу мұнай өңдеу зауытындағы шабуылдан кейін өрт шығып, соның салдарынан кәсіпорын жұмысын тоқтатқан.

Жарнама
Жарнама

Ресми ақпарат

Қала мэрі Сергей Собянин жедел мәліметтерді өзінің Telegram-арнасында жариялап отыр.

Ол "бірнеше дрон Мәскеу мұнай өңдеу зауытына жеткенін" растады. Сондай-ақ мэр дрондар сынығы "Садовод" сауда орталығы аумағына құлағанын, ғимараттардың біріне аздап зақым келгенін айтты. Зардап шеккендер жоқ.

Оның соңғы мәліметі бойынша, Мәскеуге жақындаған кезде жалпы саны 180-ге жуық ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілген.

Сауда орталығындағы өрт

Ресейлік БАҚ пен Telegram-арналарда "Садовод" сауда орталығы маңындағы түтін видеолары жарияланып жатыр.

"Өкінішті-ақ, онда біздің кофталарымыз бен крокстарымыз өртеніп жатыр. Бейшара адамдар, қаншама ақшадан айырылады десеңші. Қарашы, қап-қара түтін. Тіпті үйлер көрінбей қалды", – дейді видео авторы.

Тұрғын үйлер зақымданды

Желіде Мәскеу түбіндегі Жуковскийде ҰҰА соққысы салдарынан зақымдалған тұрғын үйдің кадрлары пайда болды. Қала басшысы Андроник Пактың айтуынша, жетінші кіреберістегі 25-қабатта өрт сатысына шығар аумақта бүлінген жерлер тіркелген.

Ол екі балкон плитасы құлағанын, оның бірі балалар ойын алаңы аумағына түскенін хабарлады.

Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьевтің алдын ала мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазір үй тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Әуежайлар

Осы уақытта Мәскеу әуежайлары әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуге шектеу қойды. Бұл Домодедово, Внуково және Шереметьево әуежайларына қатысты. Әуе компаниялары рейстер кестесін түзетіп жатыр. Жуковский әуежайында да жағдай осындай. Жолаушылардан рейс мәртебесін онлайн-таблодан немесе анықтама қызметтерінен нақтылау сұралады.

"Осторожно, новости" Telegram-арнасы Мәскеу әуежайларында 250-ге жуық рейс кешіккенін хабарлады. Сондай-ақ сайттардың жұмысында іркілістер байқалады: рейстер туралы ақпараты бар онлайн-табло қолжетімсіз болып қалған.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Мәскеуге дрондар шабуыл жасаған болатын. Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин 60-тан астам ұшқышсыз аппарат ПВО жүйесімен жойылғанын хабарлады. Оның айтуынша, төтенше жағдай қызметтерінің мамандары сынықтар құлаған жерде жұмыс істеген.

Сондай-ақ кейбір Telegram-арналар 16 маусымға қараған түні Мәскеудегі төрт әуежай – Шереметьево, Домодедово, Внуково және Жуковский жабылғанын жазды. Таңға қарай шектеу алынып тасталды.

Бұған дейін 15 маусымда Киевке ауқымды шабуыл жасалған еді. Украина астанасының барлық дерлік ауданында қирау мен өрттер тіркелді, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Тағы оқығыз: Киевке ауқымды шабуыл жасалды

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама