Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы сайтында хабарлады.
Жедел ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері 29 мамырда Астана уақытымен сағат 13:15-те тіркелген. Жер сілкінісінің магнитудасы 5.0 болды.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институты мәліметінше, магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісінің ошағы Сарыбұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 10 шақырым, Манас қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 110 шақырым және Бішкектен оңтүстік-батысқа қарай 150 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендерінде:
- Сарыбұлақ ауылы - 4,5 балл,
- Ничке, Чогорчу, Бірлік, Көл, Табылғы ауылдары - 4 балл,
- Қызыл-Оран, Кетпен-Төбе, Қызыл-Ой, Бірдік, Атай ауылдары - 3 балл.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жер сілкінісі болды.