ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- Кеше 17:18
КҚК маңындағы танкерге дрон шабуылдады: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
Қазақстанның Энергетика министрлігі Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалына жақын жерде Nordic Zenith танкеріне жасалған дрон шабуылына қатысты түсініктеме берді. Кеме қазақстандық мұнайды тиеуге бара жатқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Министрліктің мәліметінше, 17 шілдеде дрон мұнай тиеу үшін портқа бет алған бос танкерге шабуыл жасаған.
"Кеме экипажы өртті өз күшімен жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстандық мұнайға қауіп төнген жоқ", — деп мәлімдеді ведомство.
Энергетика министрлігі КҚК-ның технологиялық инфрақұрылымы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын да жеткізді.
"Каспий құбыр консорциумы жүк тиеу жұмыстарын жалғастырып, мұнайды танкерлерге бекітілген кестеге сәйкес құйып жатыр", — деп толықтырды министрлік.
Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов КҚК-ны қазақстандық мұнайды экспорттаудың ең тиімді әрі негізгі бағыты деп атаған еді.
КҚК нысандарына жасалған шабуылдар
Былтыр КҚК инфрақұрылымына бірнеше рет дрон шабуылы жасалды. Соның салдарынан Қазақстан шамамен 3,8 миллион тонна мұнайды экспорттай алмаған.
Көктемде де КҚК терминалы маңында қазақстандық мұнайды тиеуге бара жатқан танкер шабуылға ұшыраған еді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу