Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында атыс болды

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында атыс болды Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

5 шілдеде Қырғызстанның Баткен облысындағы Өзбекстанмен шекарада орналасқан "Қадамжай-автожол" және "Чечме-автожол" бақылау-өткізу бекеттерінде атыс болды. Оқиғаның мән-жайын 24.kg порталы мәлімдеді, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, шамамен сағат 19:00-де Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Баткен облысы бойынша басқарма қызметкерлері "Альфа" арнайы жасағымен бірге Шекара қызметі, кеден және ветеринария қызметінің өкілдерін ұстаған. Олар жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген.

"Дереккөздердің айтуынша, арнайы қызмет өкілдері "Қадамжай-автожол" өткізу бекетінің аумағына кірген кезде шлагбаум қасында тұрған Ш.Р. есімді прапорщик төрт рет оқ атқан. Алдын ала мәлімет бойынша, Р. есімді сержант та аспанға бір рет ескерту ретінде оқ атқан. Қару қолданудың мән-жайы мен оның заңдылығы қазір анықталып жатыр", – делінген жарияланымда.

Жарнама
Жарнама

Дереккөздердің мәліметінше, кеден қызметкерлерінен 100 мың сом, яғни шамамен 500 мың теңге және АҚШ доллары тәркіленген. Доллардың нақты сомасы анықталып жатыр.

Бұдан бөлек, дереккөздер "Чечме-автожол" өткізу бекетінің қызметкерлері – С.Н. есімді прапорщик пен Р.Б. есімді ефрейтордың заңсыз ақша алған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын айтады.

"Дереккөздердің мәліметінше, ҰҚМК-ның Баткен облысы бойынша басқармасына "Чечме-автожол" өткізу бекетінен 11 әскери қызметкер, ал "Қадамжай-автожол" бекетінен 16 әскери қызметкер жеткізілді. Жалпы 27 адам. Сондай-ақ, екі АК-74 автоматы, екі оқжатар және 60 оқ-дәрі тәркіленді", – делінген жарияланымда.

Тергеу әрекеттері жүріп жатқан кезде екі өткізу бекетінің жұмысы уақытша тоқтатылды. "Қадамжай-автожол" БӨБ арқылы қозғалыс қайта қалпына келтірілді.

Жарияланым шыққан сәтте ҰҚМК арнайы операцияға қатысты ресми пікір берген жоқ.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама