Пашинян Еуропаға визасыз бару мәселесін екі жылда шешуге уәде етті

Никол Пашинян АР Премьер-министрінің ресми сайты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еуропалық одақпен визаны жеңілдету мәселесі ең көбі екі жыл ішінде шешілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новости-Арменияға" сілтеме жасап.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еуропалық одақпен визаны жеңілдету мәселесі ең көбі екі жыл ішінде шешілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новости-Арменияға" сілтеме жасап.

Пашинянның айтуынша, ол кезде Армения азаматтарына Ларнакаға, яғни Кипр қаласына бару үшін тек төлқұжатын ұмытпау жеткілікті болады. Ал билет бағасы, оның сөзінше, 2 еуро шамасында болмақ.

"Бізге: "Еуроодақпен қарым-қатынастарыңыз жақсы, неге виза мәселесін шеше алмайсыздар?" дейді. Мұның себебін білесіздер ме? 2018–2025 жылдар аралығында Армениядан ЕО елдеріне шығатын азаматтар саны 500 пайыз өсті. Еуроодақ елдерінің елшіліктері Армения азаматтарының барлық өтінішін өңдеп үлгермей жатыр", — деді Армения премьері.

Жарнама
Жарнама
Анықтама: Визалық либерализация — екі немесе одан да көп мемлекеттердің бір-бірінің азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету, жұмсарту немесе толықтай жою процесі. Бұл әрдайым «визасыз режимнің» бірден енгізілуін білдірмейді. Либерализация — жеңілдіктерден бастап шекаралардың толық ашылуына дейінгі бірнеше кезеңнен тұратын дәйекті процесс.

Армения мен ЕО арасындағы визалық жеңілдік туралы не белгілі

Армения мен Еуропалық одақ арасындағы визалық либерализация бойынша диалог 2024 жылғы қыркүйекте ресми түрде басталды. 2025 жылғы көктемде Арменияға ЕО сарапшыларының миссиясы келді. Ал 2025 жылғы 5 қарашада Еурокомиссия Ереванға визалық режимді жеңілдету жөніндегі іс-қимыл жоспарын тапсырды.

Армения ішкі істер министрі Арпине Саркисянның сөзінше, бұл жоспардағы шаралар елде қолға алынған реформалармен үндес келеді.

Іс-қимыл жоспары орындалуға тиіс 74 тармақтан тұрады. Олар төрт бағытқа бөлінген: биометриялық құжаттар, яғни төлқұжаттар мен ID-карталар; шекараны басқару, көші-қон және баспана беру мәселелері; қоғамдық тәртіп, соның ішінде есірткі айналымына, адам саудасына қарсы күрес, қылмыстың алдын алу және жемқорлыққа қарсы шаралар; сондай-ақ адам құқықтарын қорғау.

Айта кетейік, 7 маусымда Арменияда кезекті парламенттік сайлау өтеді. Қазір елде сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны жүріп жатыр. Оған қазіргі премьер-министр Никол Пашинян да қатысуда.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама