Қамшыбек Тәшиевке Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды

Қамшыбек Тәшиевке Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды Фото: president.kg

Қырғызстанда бұрынғы үш жоғары лауазымды шенеунікке - МҰҚК экс-басшысы Қамшыбек Ташиевке, бұрынғы депутат Құрманқұл Зулушевке және Жоғарғы Кеңестің экс-төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлына (Нұрланбек Шәкиевке) ресми түрде айып тағылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Қырғызстанда бұрынғы үш жоғары лауазымды шенеунікке - МҰҚК экс-басшысы Қамшыбек Ташиевке, бұрынғы депутат Құрманқұл Зулушевке және Жоғарғы Кеңестің экс-төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлына (Нұрланбек Шәкиевке) ресми түрде айып тағылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, үшеуіне де бұған дейін істің басқа фигуранттарына қолданылған айыптау баптары оқылған.

Әңгіме жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға және тергеу мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті ретінде қарастырып отырған іс-әрекеттерге байланысты ауыр қылмыс құрамдары туралы болып отыр.

Жарнама
Жарнама

Күш құрылымдарындағы дереккөздердің хабарлауынша, фигуранттардан ІІМ Бас тергеу басқармасында жауап алынды. Жауап алу бірнеше сағатқа созылып, содан кейін олар ведомство ғимаратынан шығып кеткен.

Ресми түрде тағылған айыптардың егжей-тегжейі мен тергеу барысы жарияланбаған. Күш құрылымдарындағы дереккөздердің мәліметінше, тергеу "75-тің хаты" деп аталатын құжатқа байланысты жүріп жатыр.

Мән-жайы

Еске сала кетейік, ақпан айында 75 адамның Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Жоғарғы Кеңес төрағасына мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы үндеу жолдағаны белгілі болған еді.

10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің досы әрі серіктесі Қамшыбек Тәшиевті барлық лауазымынан босатты.

Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі мәліметінше, "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекет бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы іріткіге жол бермеу". Бұл оқиға Қырғызстан президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы өтініш жасалған тұста болды. Жапаровтың баспасөз хатшысының айтуынша, Тәшиевтің жақын ортасындағы адамдар депутаттарға қоңырау шалып, оларды "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастауға" үгіттеген.

Ташиевтің отставкасынан кейін күштік блок қайта құрылымдалды: оның орынбасарлары қызметінен айырылды, Шекара қызметі МҰҚК құрылымынан шығарылды, сондай-ақ тікелей президентке бағынатын жаңа Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.

Кейінірек қылмыстық іс қозғалды. "75-тің хатына" қол қойғандардың бір бөлігі тергеу изоляторына қамалды. Оларға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айып тағылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама