ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- Кеше 18:58
Украина үкіметі премьер-министрден кейін отставкаға кетті
Украина Жоғарғы Радасы (Парламенті) Юлии Свириденконы елдің премьер-министрі қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Бұл Украина үкіметінің бүкіл құрамы қызметінен кетеді дегенді білдіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Униан агенттігіне сілтеме жасап.
12 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Министрлер кабинетінде ауыс-түйіс болатынын, соның ішінде премьер-министр Юлия Свириденконың жаңа қызметке тағайындалатынын мәлімдеген болатын.
Ол Украинаның саяси стратегиясын өзгертетінін және сыртқы саясаттағы әрбір басым бағытқа украиндардың үмітін ақтай алатын, мол тәжірибесі бар нақты тұлға жауапты болатынын айтты.
13 шілдеде Украина Жоғарғы Радасына Свириденконың қызметтен кету туралы өтініші түсті. Оның отставкасына 450 депутаттың 258-і дауыс берді.
"Украинская правда" дереккөздерінің мәліметінше, Юлия Свириденко премьер-министр қызметінен кеткен соң Украинаның АҚШ-тағы елшісі болудан бас тартқан. Свириденкоға жақын дереккөздер экс-премьер Министрлер кабинетіндегі жұмысынан кейін алдағы жоспарын әлі ойластырып жүргенін айтады.
Тағы оқыңыз: Кімнің қолында қандай көзір бар - саясаттанушы Украина төңірегіндегі жағдай туралы
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу