KZ
RU
  1. Басты бет
  2. BYD

BYD Галактикасы

BYD — халықаралық жоғары технологиялы корпорация. 1994 жылы аккумулятор өндіруші ретінде құрылған BYD бүгінде әртараптандырылған алып өндірістік концернге айналды. Компанияның қызмет салалары автокөлік өндірісі, теміржол көлігі, жаңартылатын энергия көздері мен электрониканы қамтиды. Қытай, АҚШ, Канада, Жапония, Бразилия, Венгрия мен Үндістанда орналасқан 30-дан астам индустриялық парк негізінде компания энергияны өндіруден бастап, оны сақтау мен пайдалануға дейінгі кешенді жүйені жүзеге асырады.

Компания нөлдік шығарындылармен жұмыс істейтін шешімдер ұсынып, өзінің "Жерді 1 градусқа суыту" стратегиясының аясында жаһандық деңгейде қазба отындарға тәуелділікті азайтуға септігін тигізіп жатыр.  

BYD электромобильдері алты құрлықта, 100-ден астам ел мен өңірде және 400-ден астам қалада ұсынылған. Компания Fortune Global 500 тізіміне енген және Гонконг пен Шэньчжэнь қор биржаларында сатылады. BYD — болашақтың «жасыл» технологияларын әзірлеу мен енгізу саласындағы жаһандық көшбасшы.

BYD Auto — корпорацияның автокөлік саласындағы еншілес компаниясы. Ол 2003 жылы құрылған және көлік өндірісіне қатысты инновациялық әдістерді дамытуға бағытталған. Компанияның мақсаты — әлемнің экологиялық таза көлікке жаппай көшуін  жеделдету. BYD Auto электромобильдер мен гибрид көліктердің жобасын жасап, өндіріп шығарады.

Соңғы жылдары іске асырылған озық жобалардың қатарында Blade Battery аккумуляторы, DM-i және DM-p гибрид платформалары, e‑Platform 3.0 архитектурасы, шанақ-аккумулятор (СТВ) біріктірілген технологиясы, қозғалысты басқаратын iTAC интеллектуалды жүйесі, DiSus белсенді аспа жүйесі, XUANJI интеллектуалды архитектурасы және Super e‑Platform платформасы бар.

BYD — іштен жану қозғалтқышы бар көліктер өндіруден толықтай бас тартқан әлемдегі алғашқы көлік өндіруші. Ол соңғы 12 жыл бойы Қытай нарығында электромобильдер сатылымы бойынша тұрақты түрде көш бастап келеді.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 20 жылдан астам үздіксіз инвестиция салудың нәтижесінде BYD Auto құрамына төрт автокөлік бренді кіреді: BYD, Denza, Yangwang және Fangchengbao.