-
Changan
Changan Галактикасы
Changan Automobile Group — Қытайдағы ең ірі автокөлік өндірушілерінің бірі. Changan тарихы 1862 жылдан бастау алады, компания жұмысын қару-жарақ шығарудан бастаған. 1959 жылы Changan әскери жол талғамайтын көліктер өндірісін іске қосты, ал 1984 жылы жапондық Suzuki компаниясымен лицензиялық келісім аясында Қытай нарығына арналған автокөліктер шығаруды қолға алды. Компания өз тарихында Suzuki, Ford, Mazda, Peugeot-Citroen секілді брендтермен бірлесе жұмыс істеген. 2006 жылдан бастап, Changan бірлескен жобаларда жинақтаған тәжірибесіне сүйене отырып, өз брендінің көліктерін өндіре бастады.
Changan — Қытайда 20 миллионнан астам автокөлік шығарған алғашқы компания. Қазіргі уақытта жылдық өндірісінің көлемі 2 миллион бірліктен асады.
2017 жылдан бері компания экология және қауіпсіздік салаларында белсенді зерттеу жүргізіп келеді. Бұл бағыттар мына екі ірі жобаға негіз болды: «Шангри-Ла» – баламалы энергия көздерін пайдаланатын көліктерді дамыту, «Дубхе» – автономды басқару технологияларын жетілдіру. Changan қытайлық автокөлік өндірушілердің алғашқысы болып электромобильдердің сериялық өндірісін бастады және гибрид технологияларын қарқынды дамытып жатыр. Сонымен қатар, Changan автопилот технологияларына да мол инвестиция салып жатыр: Huawei компаниясымен бірлесе құрылған кәсіпорын автономды модельдерді жасап шығарумен айналысады.
Компанияның жаһандық зерттеу және әзірлеу желісіне 6 елдің 10 қаласында орналасқан 16 инновациялық институт пен технологиялық орталық кіреді: Турин (Италия) – шанақ дизайны орталығы, Йокогама (Жапония) – интерьер дизайны мен эргономикасы, Бирмингем (Англия) – қозғалтқыштар мен беріліс қораптарының технологиялары, Детройт (АҚШ) – автокөліктер шассиі мен автономды басқару технологиялары, Мюнхен (Германия) – интеллектуалды жүйелер мен электромобильдер, сондай-ақ, Қытайдағы орталықтар, оның ішінде Чунцин қаласындағы негізгі R&D орталық бар.
Оған қоса, Changan-ның 223 га аумақты алып жатқан Dianjiang Test Ground деп аталатын жеке автополигоны бар, ол - Қытайдың батысындағы ең үлкен автополигон. Мұнда Changan компаниясында жасап шығарылатын барлық көліктердің басқарылуы, тұрақтылығы, тежеу қасиеттері, сыртқы дыбыстары және электронды басқару жүйелерінің сенімділігін тексеретін сынақтар жүргізіледі.
Өзімен аттас Changan брендінен бөлек, корпорацияға мына брендтер де тиесілі: Avatr – премиум электромобильдер, Deepal – көпшілікке арналған жүріс қоры ұзақ электромобильдер мен гибридтер, Kaicene – коммерциялық көліктер, Qiyuan NEVO – премиумға жақын бұқаралық сегментке жататын гибрид көліктер.