KZ
RU
  1. Басты бет
  2. Changan
  3. Avatr

Avatr

Лого Avatr
Бренд атауының дұрыс айтылуы

Avatr - 2021 жылы Changan Automobile корпорациясы, Huawei технологиялық алпауыт мен CATL аккумулятор өндірушісі бірігіп құрған премиум электромобильдер бренді. Бренд атауы Avatar Transformation терминінен шыққан, "бейненің түрленуі" деп аударуға болады. Ол брендтің көлік өнеркәсібіндегі инновациялар мен жаңаша тәсілдерге ұмтылысын білдіреді.

Avatr бренді концептуалды түрде Changan-ның Мюнхен қаласындағы жаһандық дизайн орталығында жасалған. Дизайн жасауға бұған дейін BMW модельдері, оның ішінде, әйгілі 7 Series моделінің сырт келбеті үшін жауапты болған Надер Фагихзаде жетекшілік етеді.

Avatr-дың нысаналы аудиториясы - заманауи технологияларды, экологиялық жауапкершілік пен премиум жайлылықты бағалайтын ауқатты, әрі прогрессивті жүргізушілер.

Қызықты дерек: бастапқыда Changan заманауи электромобильдер жасау үшін қытайлық NIO автокөлік стартабымен бірлескен кәсіпорын құрмақшы болған. 2018 жылы акциялары 50:50 үлесімен серіктестік құрылды, бірақ 2020 жылы альянс ыдырап, NIO жобадан шығып кетті. Кейін, 2021 жылдың қарашасында CATL және Huawei-мен бірге жаңа Avatr Technology компаниясы құрылды.

Avatr модельдер қатары - бағасы мен Алматы және Қазақстандағы қай автосалоннан сатып алуға болады