-
Deepal
Deepal
Бұл - Changan компаниясының 2022 жылы негізі қаланған жас суббренді. Оның модельдер қатарына бұқаралық сегментке арналған электр және гибрид көліктер кіреді. Қытайда бренд алғашында Shenlan атауымен танылған, ол "қою көк" дегенді білдіреді. Алайда халықаралық нарыққа шығу үшін жағымдырақ естілетін Deepal атауы таңдалды. Қазір брендтің Қытайдағы ресми тұтынушылар сайты да осы атауды қолданып жүр.
Deepal-дың негізгі серіктестерінің бірі - IT саласындағы алпауыт Huawei компаниясы, ол бренд көліктеріне бағдарламалық жасақтама ұсынып, олардың технологиялық жағынан ілгері болуын қамтамасыз етіп отыр.
Deepal-дың нысаналы аудиториясы - дизайны заманауи, экологиялық таза көліктерді таңдайтын жас, әрі прогрессивті жүргізушілер. Бренд желісінде қолжетімділік, озық технологиялар мен жайлылық үйлесім тапқан сәнді седандар мен кроссоверлер бар.
Қызықты дерек: Deepal халықаралық нарыққа жылдам шығып келеді. 2023 жылдың соңында бренд экспорттық сатылымдарын бастап, алғашқы шетелдік нарығы ретінде Таиландты таңдады. Бұл қадам арқылы Deepal энергиясы жаңа авкөліктер сегментінде жаһандық ойыншы болуға ниетті екенін көрсетті.
