KZ
RU
-
Jaecoo
Jaecoo
Бренд атауының дұрыс айтылуы
Jaecoo - қытайлық Chery көлік алпауытының құрамына кіретін жас бренд. Қуатты, әрі сәнді көліктерді бағалаушыларға арналып, 2023 жылы нарыққа шығарылды. Chery иерархиясында Jaecoo негізгі Chery бренді мен премиум сегменттегі EXEED арасында орналасқан.
Халық арасында "Джаику" деп айтылғанымен, бренд атауының дұрыс оқылуы - "Джейку", екпін «у» әрпіне түседі. Jaecoo атауы неміс тіліндегі "Jaeger" ("аңшы") және ағылшын тіліндегі "Cool" ("керемет") сөздерінен құралып, бұл марканың серпінді, әрі заманауи келбетін айшықтай түседі.
Jaecoo Chery-дің тағы бір бренді – Omoda-мен тығыз байланыста жұмыс істейді, екеуі бірге O & J деп аталатын ортақ атаумен сатылады.
Бренд немістің Volkswagen автоконцерні мамандарымен бірлесе жұмыс істейді.
