KZ
RU
  1. Басты бет
  2. Chery
  3. Jetour

Jetour

Лого Jetour
Бренд атауының дұрыс айтылуы

Jetour - 2018 жылы Chery автоконцерні жастар нарығын бағындыру мақсатында негізін қалаған бренд. Көпшілік бұл атауды "Джи Тур" немесе "Жетур" деп қате айтады, дұрысы - "Цзе Ту", ол қытай тілінде "ең қысқа жол" деген мағына береді. Атауының өзі компанияның философиясын суреттейді - еркін және ыңғайлы қозғалысқа, белсенді өмір салтына лайық автокөліктер ұсыну.

Брендтің алғашқы моделі -Jetour X70 орташа өлшемді кроссовері. Ол Chery Tiggo 8 платформасында жасалды, содан бері бренд ұзақ сапарға шыққан кезде жоғары дәрежелі жайлылық пен ыңғайлылықты ұсынатын компания ретінде танылды. Chery брендерінің иерархиясында Jetour бренді Omoda және Jaecoo-мен бірге негізгі Chery мен премиум EXEED аралығындағы   орынды иеленіп, заманауи қажеттіліктерге сай, әрі қолжетімді автокөліктер қатарын құрап тұр.

Нарықта Jetour саяхатты өмір салтына айналдырған, көлікті сенімді және жайлы серік ретінде көретін жас, әрі белсенді адамдарға арналған.

Jetour модельдер қатары - бағасы мен Алматы және Қазақстандағы қай автосалоннан сатып алуға болады