KZ
RU
-
Kaiyi
Kaiyi
Бренд атауының дұрыс айтылуы
Kaiyi - Chery корпорациясының құрамына кіретін жас көлік өндіруші. Компанияның толық ресми атауы - Yibin Kaiyi (Cowin) Automobile Co. Бренд атауы қытай тілінен аударғанда, "Жеңіс қанаттары" деген мағына береді. Қытайша дұрыс айтылуы - "Кай И", дегенмен көбіне "Каи" немесе "Кайя" деп айтылып жүр.
Компания 2014 жылғы қаңтарда құрылып, сол жылдың қараша айында C3 седаны мен C3R хэтчбегін шығара бастады. Кейін бренд кроссоверлер өндіруге ден қойды. Бүгінде Kaiyi өзінің модельдер қатарын белсенді дамытып, заманауи дизайны бар, әрі баға жағынан қолжетімді автокөліктер ұсынуда. Chery брендері иерархиясында Kaiyi негізгі жабдықталуы жақсы, кең аудиторияға арналған бұқаралық сегмент қатарында тұр.
