-
Hongqi
Hongqi
Hongqi - Қытайдағы ең көне, әрі ең беделді автокөлік брендтерінің бірі. Ол China FAW Group көлік өндіруші корпорациясының басты бренді саналады. Автобрендтің негізі 1958 жылы қаланған. Атауы "қызыл ту" деп аударылады, бұл брендтің мемлекеттік маңызын айшықтай түседі. Қытай тілінде дұрыс айтылуы - "Хон-Чи", дегенмен кейде "Хунци" деп те айтылады.
Бренд дәстүрлі түрде мемлекеттік құрылымдармен байланыстырылады және ұлттық ауқымдағы маңызды іс-шараларда қолданылады. Hongqi қытайлық көшбасшылардың таңдауына айналған, олардың арасында Қытай Коммунистік партиясының Бас хатшысы Си Цзиньпин де бар, оның автопаркінің басты көлігі - флагмандық Hongqi N701 брондалған лимузині.
Қазіргі таңда Hongqi премиум санаттағы автокөліктердің түр-түрін: седандар, кроссоверлер және электр көліктер ұсынады.
