KZ
RU
  1. Басты бет
  2. Geely

Geely Галактикасы

Geely Automobile — Қытайдағы ең ірі автокөлік компанияларының бірі. Оның тарихы 1986 жылдан бастау алады. Штаб-пәтері Ханчжоу қаласында орналасқан алғашқы кезде Geely тоңазытқыш жабдықтары мен қосалқы бөлшектер өндіруден бастаған. 1994 жылы компания скутер шығаруды игеріп, 1997 жылы өз автокөліктерін жасап, автомобиль өнеркәсібіне қадам басты. 2001 жылы Geely автокөлік өндірісіне лицензия алып, ҚХР-да бұл салада жұмыс істеуге рұқсат алған алғашқы жекеменшік компания атанды.

Компания тарихында стратегиялық мақсатта сатып алудың маңызы зор. 2010 жылы компания Volvo Cars-ты сатып алып, швециялық брендтің бірегей мұрасы мен озық технологияларын сақтап қалды. 2012 жылы әйгілі лондондық таксилерін өндіруші, британдық автоөнеркәсіп дәстүрінің символы - LEVC компаниясы Geely-дің иелігіне өтті.

Бүгінде Geely портфеліне Volvo, LEVC, Lynk & Co, Geometry, Polestar, Proton, Lotus, Smart және ZEEKR сияқты халықаралық брендтер кіреді. Бұл- Geely компаниясының әлемдік деңгейдегі ойыншы екеніне бірден-бір дәлел.

Компания білім беру бастамаларын белсенді дамытып келеді: Geely өз инженерлерін, дизайнерлері мен көлік саласындағы басқарушыларды дайындау үшін жеке оқу орындары мен зерттеу орталықтарына инвестиция құйып отыр.

Geely тек көлік өндірісімен шектелмейді. Компания жетістіктерінің бірі — бүкіл әлем бойынша навигация, байланыс және автономды жүргізу технологияларын қолдайтын “Geely-02” жерсеріктер тобының ұшырылуы. Бұл ғарыштық бағдарлама қауіпсіз, әрі ақылды мобильділік болашағын қалыптастыруға үлес қосып жатыр.