KZ
RU
  1. Басты бет
  2. Geely
  3. Zeekr

Zeekr

Лого Zeekr
Бренд атауының дұрыс айтылуы

Zeekr – премиум санатындағы электр көліктерін шығаратын, Geely концерніне тиесілі қытайлық бренд. Zeekr автокөліктері Geely 2010 жылы Volvo-ны сатып алған соң, концерн ұжымының қатарына қосылған әлемге әйгілі дизайнер Штефан Зилаффтың жетекшілігімен жасап шығарылған. Қазір ол Zeekr-дың Швецияның Гетерборг қаласындағы дизайн-орталығында орналасқан жаһандық дизайн бөлімін басқарады.

Бренд атауы қоршаған ортаға қамқорлық жасау мен прогреске ұмтылысты бейнелейді: "ze" – Zero Emission (нөлдік шығарындылар), "е" – Electric Evolution Era (электр эволюциясының дәуірі), ал "kr" – жоғары технологиямен байланысты асыл газ – криптонды білдіреді.

Zeekr-дың ізашары деп Lynk & Co брендін атауға болады. Екі бренд те SEA (Sustainable Experience Architecture) платформасын пайдаланады, әрі дизайнерлік әдіс-тәсілдері ұқсас. Алайда, Lynk & Co жастарға бағытталып, автокөлікке жазылу сынды инновациялық шешімдерді ұсынса, Zeekr 2021 жылдан бері премиум санат пен жоғары технологияларға ден қойып, Lynk & Co идеяларының жетілдірілген үлгілерін ұсынады.

Zeekr модельдер қатары - бағасы мен Алматы және Қазақстандағы қай автосалоннан сатып алуға болады