KZ
RU
  1. Басты бет
  2. Great Wall
  3. Haval

Haval

Лого Haval
Бренд атауының дұрыс айтылуы

Haval - Great Wall Motor қытай автоконцерніне жататын жаһандық автокөлік бренді.
Бұл бренд кроссовер мен жол талғамайтын көлік шығаруға маманданған. Брендтің атауы оңай есте сақталады және "I Have All" - "менде бәрі бар", яғни менде көлік, отбасы, жұмыс та, демалыс та бар деген ұғымды білдіреді.  Алайда, бұл сөздің айтылуы пікірталас туғызады: Қытайда ол "Хафу" деп айтылса, Қазақстанда әдетте "Хавейл" деп екпін екінші буынға түсіп, айтылады.

Haval тарихы 2005 жылы алғашқы Hover кроссоверінің шығуынан бастау алады. 2010 жылы оны Haval атты үлгі алмастырып, 2013 жылы Haval GWM компаниясының жеке суббрендіне айналды.  

Бүгінде Haval көліктері жайлылыққа, заманауи технологияларға және сапалы материалдарға мән беруімен танымал. HAVAL дәстүрлі бензинді қозғалтқыштардан бастап, заманауи гибрид жүйелерге дейін түрлі күш беретін қондырғыларды ұсынады. 

Қауіпсіздікке ерекше назар аударылады: HAVAL үлгілері халықаралық стандарттар бойынша, соның ішінде C-NCAP және ANCAP бойынша апаттық сынақтардан сәтті өтіп, белсенді және пассивті қауіпсіздік деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді. Мысалы, H6 кроссовері C-NCAP жүйесі бойынша бірнеше рет 5 жұлдыз алған, ал 2023 жылы Jolion моделі ANCAP жүйесі бойынша 5 жұлдызды иеленді.  

HAVAL халықаралық нарыққа кеңінен шығып жатыр: бұл бренд көліктері 60-тан астам елде, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Австралия, Оңтүстік Африка және Таяу Шығыс елдерінде қолжетімді. Бұл бренд Қытайдағы SUV сатылымдары бойынша үздік үштікке кіреді және бірнеше шетелдік өңірде көш бастап тұр.

Haval модельдер қатары - бағасы мен Алматы және Қазақстандағы қай автосалоннан сатып алуға болады

Қазақстан нарығында Haval көлігінің 7 моделі мен 17 топтамасын ұсынылған

Қазақстанда бұл брендті “Астана Моторс” компаниясы ұсынады. Haval автокөлігі алғаш рет ресми 2021 жылдың сәуір айында сатыла басталды. Бүгінде брендтің өңірлік желісі 20 қалада 28 дилер орталықтарында бар.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Haval  Қазақстандағы үздік он танымал бренд қатарына кірген. Сатылған автокөлік саны 11 мыңға жуық. 

2025 жылдан бастап Haval брендінің автокөліктері Алматының индустриялық аумағында орналасқан Astana Motors Manufacturing Kazakhstan циклді мультибренд зауытында  шығарылады.

Осы жерден толығырақ біліп, сатып алуға болады
Сатып алу