-
Tank
Tank
TANK - жас қытайлық бренд, ол Great Wall Motors (GWM) компаниясының құрамына кіреді және тек жол талғамайтын көліктерді шығаруға маманданады. Бренд күшпен және төзімділікпен байланыстырылатын атауға ие болды. Алайда оның айтылуы дау тудырып жүр: Қытайда марка "Тан Кэ” деп айтылса, Қазақстанда оны жай ғана "Тэнк” деп атайды. Брендтің тарихы TANK 300 моделі Wey брендімен ұсынылған 2020 жылдың желтоқсанында басталды. 2021 жылдың наурыз айында GWM компаниясы TANK-ты жол талғамайтын көліктерді шығаруға толық жұмылдырылған дербес бағытқа бөліп жіберді. Бүгінгі таңда брендтің желісіне TANK 300, TANK 400 және TANK 500 модельдері кіреді - олардың дизельді, бензинді және гибридті күштік қондырғылары, соның ішінде Hi4-T технологиясы (қосылатын толық жетегі бар plug-in hybrid) бар.
Модельдердің конструкциясында қозғалтқышы бойлай орналасқан платформалар, классикалық рамалы шанақтар, төмендеткіш берілісі, құлыптары және интеллектуалды жол талғамайтын көмекшілері бар толық жетек пайдаланылады.
TANK туралы қызықты факт - брендтің логотипінде “T” (TANK, технологиялар, трендтер) және “U” (union - қоғамдастық, users - пайдаланушылар) деген екі латын әрпі бар, бұл автокөлік пен адам арасындағы байланысты білдіреді.
TANK жаһандық нарықтарға бағытталып жасалған: автокөліктер Қытайда, Аустралияда, Таяу Шығыста және ТМД-да сәтті ұсынылған. Бренд ғылыми-зерттеу орталықтарын белсенді түрде дамытып жатыр: GWM R&D-хабтары Жапонияда, Германияда, АҚШ-та, Үндістанда және Қытайда жұмыс істеп жатыр. Жаһандану саясатының аясында TANK халықаралық қауіпсіздік стандарттары бойынша сертификаттауды таңдайды - автокөліктер ANCAP, Euro NCAP және C-NCAP краш-тестерінен өтіп, жоғары бағаларды көрсетеді. Айта кетейік, Қазақстанда Tank автокөлігі иелерінің белсенді клубы - Қазақстанның түкпір-түкпірінен Tank жол талғамайтын көліктерінің иелері мен әуесқойлары тәжірибе алмасып, off-road іс-шараларына қатыса алатын үлкен қоғамдастық бар.

TANK бренді “Астана Моторс” компаниясымен серіктестікте 2022 жылдың желтоқсанында Қазақстан нарығына шықты. Бүгінгі таңда TANK модельдік желісінде 8 жинақтамадағы 3 модель ұсынылған. Жол талғамайтын көліктер Қазақстанның 18 қаласында орналасқан 23 ресми дилерлік орталықта қолжетімді.
2025 жылы TANK жол талғамайтын көліктері Алматының Индустриялық аймағында орналасқан Astana Motors Manufacturing Kazakhstan толық циклді мультибрендті зауытында өндіріле бастайды.