21 мамыр 2023 | 16:26

АҚШ-та қазақстандық велошабандоздың денесін елге жіберу үшін ақша жиналып жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

АҚШ-та 24 жасында Лос-Анджелесте кенеттен қайтыс болған қазақстандық велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаевтың денесін елге әкелу үшін ақша жиналып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та 24 жасында Лос-Анджелесте кенеттен қайтыс болған қазақстандық велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаевтың денесін елге әкелу үшін ақша жиналып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дінмұхамедті Қазақстанға жеткізіп жерлеу үшін 15 мың доллар қажет. Қажетті соманы жинауға көмектесіңіздерші", - делінген gofund.me сайтындағы жазбада.

Еске салайық, 17 мамырда Қазақстанның велоспорт федерациясы Ұлысбаевтың қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, спортшының жүрегі тоқтап қалған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, спортшы өмірінің соңғы күндерін жұмысқа шақырту алғандықтан шетелде өткізген, америкалық велокомандалардың бірінде ойнамақ болған

Дінмұхаммед Ұлысбаев мансабында велоспорттан 2016 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының бірнеше рет жүлдегері атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная