Әлімханұлы жекпе-жексіз әлем чемпионы белбеуіне ие болуы мүмкін - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon 788
comments icon
0
Фото:twitter.com/qazaqstyle Фото:twitter.com/qazaqstyle

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жекпе-жексіз толыққанды әлем чемпионы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жекпе-жексіз толыққанды әлем чемпионы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Boxingscene сайты орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде қазақстандықпен кездесуден бас тартып, келесі дивизионға өту туралы шешім қабылдағаннан кейін осындай қорытындыға келді.

Басылым мәліметінше, Андраде орта салмақтағы титулдан бас тартып, екінші орта дивизионға (76,2 кг) көтерілмек. Америкалықтың мұндай қадамға баруының себебі - Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 KO) жекпе-жекке шыққысы келмейтіндігі мен орта салмақта карьерасының болашағы бұлыңғыр болуы. 

Реклама
Реклама

Андраде 2021 жылы қарашада ирландиялық Джейсон Куиглиді (19-2, 14 KO) жеңгелі бері рингке шықпады. Ал жекпе-жектен кейін әлсіз қарсылас таңдады деп сынға қалды. 

Жәнібек мамырда WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін айқаста британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсірген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Гүлнара Досымшалова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная