Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астана қаласында қаңтар айында жеңіл атлетикадан "Astana meeting world indoor tour" өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Астана қаласында қаңтар айында жеңіл атлетикадан "Astana meeting world indoor tour" өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Аталған жарыс жабық кешенде өткізілетін жеңіл атлетика турнирінің беделін көтеру мақсатында қолға алынған. Ол жеңіл атлетика жарыстарына арналған "Гауһар лига" үлгісінде өткізіледі. Бұл серия бұрынғы "IAAF Indoor Permit Meetings" сериясын ауыстырды.

Өткен жылдан бастап турнирде жарыстың алтын, күміс және қола деңгейі енгізілді. "Astana Meeting" турнирі жарыстың күміс мәртебесіне ие болып отыр.

Реклама
Реклама

Дүбірлі додаға әлемнің көптеген елдерінен 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Олар жеңіл атлетиканың 12 түрінен сынға түседі.

Жарыстың әрбір түрі бойынша жүлде қоры - 4000 АҚШ доллары.

Турнир Астана қаласындағы "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 23 қаңтарда өткізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная