Аустралия Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Аустралия Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялады

Аустралия 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ жариялаған дипломатиялық бойкотқа қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Sydney Morning Herald сайтына сілтеме жасап.

Аустралия 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ жариялаған дипломатиялық бойкотқа қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Sydney Morning Herald сайтына сілтеме жасап.

Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон Сиднейдегі баспасөз мәслихатында Аустралия атынан ресми өкілдер қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын түсіндірді. Сонымен қатар, ел намысын қорғайтын құрамасы басында жоспарланғандай спорттық іс-шараға қатысады.

Моррисонның айтуынша, бойкот туралы шешімді үкімет Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы болжамды адам құқықтарының бұзылуына, "Қытайдың Аустралияның ішкі істеріне араласуына" қатысты бірқатар басқа мәселелерге байланысты қабылдаған. Сондай-ақ, Бейжіңнің Аустралияға қарсы сауда санкцияларына да назар аударған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 6 желтоқсанда АҚШ Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялады, бұл ресми тұлғалардың ойындарға барудан бас тартуын білдіреді. АҚШ-тан кейін Жаңа Зеландия билігі XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама