07 қараша 2022 | 11:05

Ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының жағдайы туралы айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Boxeoplus басылымы қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте ауыр жеңіліске ұшырағанын, қазір комада жатқанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Boxeoplus басылымы қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте ауыр жеңіліске ұшырағанын, қазір комада жатқанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Суперорта салмақта WBA World белбеуі үшін 12 раундты айқас АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтті. Моррел алдымен Айдосты есеңгіретті де, 12-раундта ауыр нокаутқа түсірді.

"Қазақстандық боксшы командасы барлығын құпия ұстағанына қарамастан, Boxeoplus.com сайты Ербосынұлының қауіпті бас жарақатын алып, комада жатқанын, ауыр халде екенін білді", - деп жазды басылым.

Реклама
Реклама

Танымал инсайдер Дэн Рафаэль медициналық мекеме жағдайға түсініктеме беруден бас тартқанын, бірақ алынған ақпаратпен бөлісетінін мәлімдеді.

"Сенбі @ShowtimeBoxing/@premierboxing шарасына қатысқан Айдос Ербосынұлы Дэвид Моррелден 12-раундта нокаутпен ұтылғаннан кейін ауруханада жатыр. Оның нақты жағдайы белгісіз, бірақ бір дереккөз жағдайы ауыр екенін жазды", - деп жазады журналист.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная