"Барыс" Шығыс конференциясының көшбасшысын ұтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
"Барыс" Шығыс конференциясының көшбасшысын ұтты "Барыс" ХК

"Барыс" Шығыс конференциясының көшбасшысы "Автомобилисті" ұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

"Барыс" Шығыс конференциясының көшбасшысы "Автомобилисті" ұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Астанадағы ойын 2:0 есебімен аяқталды. Матчтағы бірінші шайбаны америкалық легионер Энтони Луис салса, Аркадий Шестаков екінші голдың авторы атанды.

Осылайша, қатарынан төрт кездесуде ұпайдан шашау шығармай келе жатқан Екатеринбургтің командасы "Барыс Аренада" жеңілістің кермек дәмін татты.

Жарнама
Жарнама

Дей тұрғанмен, ресейліктер 13 ұпаймен Шығыс конференциясының көшін бастап тұр. Ал 9 ұпай еншілеген Скабелка шәкірттері турнир кестесінде бесінші орынға дейін көтерілді.

Енді елордалықтар ҚХЛ-да қатарынан үш ойынды сырт айдында өткізеді. Атап айтқанда "Северсталь" (24 қыркүйек), "Локомотив" (26 қыркүйек) және "Спартак" (28 қыркүйек) клубтарына қарсы матчтары бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама