23 мамыр 2022 08:12

Белгілі промоутер Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге соңғы мүмкіндігі бар деп есептейді, - деп хабарлайды Fightnews.info.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело қыркүйек айында Головкинмен немесе Дмитрий Биволмен жекпе-жек өткізеді. Егер кездесу Биволмен болмаса, онда қазан айында тағы бір жекпе-жек өткіземіз. Сондай-ақ, келесі жылы Cinco de Mayo-да үлкен реванш болады.

Шынымды айтсам, Головкин мен Канело дәл қазір жекпе-жек өткізуі керек. Қазір өткізбесе бұл жекпе-жек ешқашан болмайды. Мен үшін Канело мен GGG-ге арасындағы жекпе-жек бокстағы ең үлкен ойын. Бұл екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін күрес.

Сонымен қатар, Альварес пен Головкин арасындағы араздық жекпе-жек өткізуге тағы бір себеп", - деді Хирн.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram