Боксшы Данияр Елеусінов мансабын кім құртқанын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов менеджерлер оның мансабын құртты деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіmeta-ratings.kz басалымына сілтеме жасап.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов менеджерлер оның мансабын құртты деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіmeta-ratings.kz басалымына сілтеме жасап.

31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық бокс промоутері Эдди Хирннен кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істей бастады.

Елеусінов кейінгі екі жылда бір рет қана жұдырықтасты. Бірақ бұл жекпе-жек чемпиондық белдесу болды. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионатының белбеуін иеленді, содан кейін қорғау жекпе-жегінің жоқтығына байланысты титулынан айрылды.

Реклама
Реклама

"Бұған менеджерлерім кінәлі. Олар Эддимен жұмысты жалғастырудан бас тартты. Сосын мені жекпе-жексіз ұзақ ұстады", - деді Елеусінов.

Қазақстандық өзінің кейінгі кездесуінде аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-3, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама