ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2022 | 10:37
Дамир Ысмағұлов UFC-дегі бесінші жеңісіне жетті
Ресей намысын қорғайтын 31 жастағы қазақ файтері Дамир Ысмағұлов 30 жастағы Швеция елінің намысын қорғайтын грузиялық Гурам Кутателадзені жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей намысын қорғайтын 31 жастағы қазақ файтері Дамир Ысмағұлов 30 жастағы Швеция елінің намысын қорғайтын грузиялық Гурам Кутателадзені жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл кездесу бүгін Остин (Техас штаты, АҚШ) қаласындағы UFC on ESPN 37 турнирінде болды. Жеңіл салмақта өткен аталған кездесу Ысмағұловтың пайдасына аяқталды.
Жеңіл салмақта өткен бұл кездесудің бірінші раунды Кутателадзенің пайдасына аяқталды. Ол Ысмағұловқа қарағанда жылдам әрі белсенді болды. Сонымен оның соққылары да дәл шықты. Ал екінші раунд толық қазақ файтерінің басымдығымен өтті.
Үшінші раунд барысында Кутателадзе шаршап қалды. Оның үстіне швециялықтың мұрны қанап кетті. Кездесудің аяқталуна 24 секунд қалғанда Гурам тізесімен рұқсат етілмеген соққы жасады. Алайда ол кезде төреші оны жазаламады. Ал айқастың қорытындысы бойынша Ысмағұлов төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ысмағұлов кештің басты кардында бірінші мәрте өнер көрсетіп, бесінші жеңісіне қол жеткізді. Дамир мүлде жеңілмеген.
Кутателадзе болса екінші айқасын өткізіп, бірінші мәрте жеңілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также