29 желтоқсан 2022 | 08:57

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IBO-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IBO-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінде жоқ.

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін былтыр 18 желтоқсанда Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Елеусіновтің әлем чемпионы атағынан айырылуы ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпауымен байланысты болуы мүмкін. Ал IBO шарты бойынша, әр салмақ категориясы бойынша тоғыз ай сайын жекпе-жекке шығуы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная