Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын ұтып, ширек финалға шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы польшалық Ига Швентекті ұтып, спорттық мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы польшалық Ига Швентекті ұтып, спорттық мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы қазақстандық әлем рейтингісінің 21 жастағы көшбасшысын бір жарым сағатта 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Матчта Елена 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Реклама
Реклама

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық Рыбакина латвиялық Елена Остапенкомен ойнайды.

Матч 24 қаңтарға жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама