21 мамыр 2023 08:45

Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінде жеңіске жетіп, әлемнің 4-ракеткасы атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір титулды жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір титулды жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші бүгін Римдегі WTA 1000 - Internazionali BNL d'Italia турниріндегі финалдық кездесуін өткізді. Ол украиналық теннисші Ангелина Калининамен ойнайды.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте есеп 1:0 болғанда украиналық теннисші жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Ангелина Калинина - Елена Рыбакинамен дәл осы турнирде матчты соңында дейін ойнамаған үшінші теннисші. Бұған дейін ресейлік Анна Калинская мен польшалық Ига Швентек те жарақатына байланысты ойыннан бас тартқан еді.

Реклама
Реклама

Осылайша, қазақстандық теннисші биылғы екінші титулын жеңіп алды. Ол бұған дейін АҚШ-тағы Индиан-Уэллс турнирінде жеңіске жеткен еді.

Елена Рыбакина Римдегі турнирдің финалындағы жеңісінен кейін әлемнің 4-ракеткасы атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram