Головкин "Канеломен" жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Головкин "Канеломен" жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жекте еш күмән қалдырмайтындай жеңіске жетпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Канелоны" боксшы ретінде білемін. Оны "ашып" тастайтын кілттерім бар. Онымен қалай жұдырықтасу керегін білемін. Ол да мені зерттеп алғанына сенімдімін, оның да арсеналында маған қарсы дайындағандары бар", - дейді Головкин Walking The Floor арнасына берген сұхбатында. 

Оның сөзінше, екінші айқастан кейін Альварес трилогия өткізгісі келмеді.

Реклама
Реклама

"Ол жоғары көтеріліп кетті де, басқа мүмкіндіктердің соңына түсті. Ал қазір біздің айқасқа қызығушылық бар. Бұл жақсы мүмкіндік. Ол қашан болатыны белгісіз. Уақыт көрсетеді", - дейді Геннадий. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама