06 желтоқсан 2021 10:17

Головкиннің бұрынғы қарсыласы сенсациялық жеңіліске ұшырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко Доминикан Республикасынан келген Карлос Адаместен сенсациялық жеңіліске ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко Доминикан Республикасынан келген Карлос Адаместен сенсациялық жеңіліске ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Лос-Анджелесте (АҚШ) өткен орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) жекпе-жек он раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша Адамес (95-95, 97-93 және 96-94) жеңіске жетті.

Сарапшылардың пікірінше, Деревянченко жекпе-жектің фавориті саналған, бірақ Адамес жоғары деңгейдегі дайындығымен лайықты жеңіске жетті. Бұған дейін Деревянченко осы жекпе-жектен кейін әлем чемпионы белбеуін сарапқа салу үшін мексикалық Хайме Мунгиямен кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан, бірақ бұл мақсат орындалмайтын секілді.

Реклама
Реклама

Соңғы жекпе-жек үшін украиналық 200 мың доллар, ал доминикандық 50 мың доллар алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram