Головкиннің Муратаға сыйлаған шапаны музейге қойылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Әлеуметтік желіде боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектен кейін жапондық қарсыласы Риота Муратаға жапқан шапанының жаңа суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектен кейін жапондық қарсыласы Риота Муратаға жапқан шапанының жаңа суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген шапан Жапониядағы Риота Муратаның әуесқой және кәсіпқой бокстегі жетістіктеріне арналған экспозициялар залына қойылған. Ол Муратаның 2012 жылғы Олимпиадада алған алтын медалі мен боксшы WBA нұсқасы бойынша иелік еткен белбеудің жанына орналастырылыпты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта нокаутқа жіберген еді. Жекпе-жектен кейін GGG жапондық қарсыласы Риота Муратаға шапанын тарту еткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Гүлнара Досымшалова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная