ПОДЕЛИТЬСЯ
14 тамыз 2022 | 08:34
Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық суға жүзуші алтын медаль иеленді
Қазақстандық суға жүзуші Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық суға жүзуші Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
23 жастағы павлодарлық спортшы 50 метрге брасс тәсілімен жүзу жарысында топ жарып, Ислам ынтымақтастық ойындарының алтын медалін жеңіп, осы жарыстың рекордын жаңартты.
Аделаида Пчелинцева - 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша Қазақстан рекордының авторы. Ол 2018 жылы бұл қашықтықты 31,55 секундта бағындырды. Бұған дейін БАҚ оны "Қазақстан спортының жаңа секс-символы" деп атаған болатын.
Бесінші Ислам ынтымақтастық ойындары 2022 жылы 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтеді. 24 спорт бойынша жарысқа 56 елден төрт мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Барлығы 355 медаль ойнатылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также