Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында күміс медаль алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Азияның екі дүркін чемпионы 72 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, америкалық Амит Элормен белдесіп, 0:10 есебімен жеңілді. Осылайша, Бақбергенова әлем чемпионатында қатарынан екінші рет күміс жүлде алып отыр.

Осыған дейін 60 келіге дейінгілер арасында Айдос Сұлтанғали құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған еді. Қола медаль үшін өткен бәсекеде Сұлтанғали венгриялық Кристиан Кечкеметиден айласын (7:1) асырған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная