ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 қыркүйек 2022 09:29
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында күміс медаль алды
Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Азияның екі дүркін чемпионы 72 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, америкалық Амит Элормен белдесіп, 0:10 есебімен жеңілді. Осылайша, Бақбергенова әлем чемпионатында қатарынан екінші рет күміс жүлде алып отыр.
Осыған дейін 60 келіге дейінгілер арасында Айдос Сұлтанғали құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған еді. Қола медаль үшін өткен бәсекеде Сұлтанғали венгриялық Кристиан Кечкеметиден айласын (7:1) асырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу