Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) титулы бар өзге боксшыларға үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
29 жастағы қазақ боксшы белебуін алғаш рет қорғауға дайындалып жатыр.
Жәнібек Әлімханұлы 14 нокаут бар британиялықпен жекпе-жекке шығады
"Чемпиондарды нокаутқа түсіруге дайындалып жатырмыз. Әрине, егер олар жекпе-жекке келіссе", - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде жариялаған жаттығу видеосында.
Айта кетейік, қазіргі таңда орта дивизионда өзге титулдар Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) мен Геннадий Головкинде (42-2-1, 37 КО).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!