Канело Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісті ме? Промоутер жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Сауль Канело Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, сондай-ақ мексикалықтың Дмитрий Биволмен болған кездесуі төңірегіндегі жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кеше Канеломен сөйлестім. Алдағы жоспар туралы дүйсенбі күні сөйлесеміз. Қыркүйекте Головкинмен супер орта салмақтағы чемпиондық трилогия үшін жекпе-жек болатынын білеміз. Бұл жалғыз мүмкіндік шығар. Біз мұны істеуіміз керек, бірақ Канело Биволмен жекпе-жек өткізгісі келеді.

Менің ойымша, Канело Биволмен реванш өткізіп, онда жеңіске жетсе ғана Головкинмен кездеседі. Онымен дүйсенбі күні сөйлесіп, шешім қабылдаймыз. Осы аптада сөйлесеміз", - деді Fightnews.info.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама