Канело Головкинмен жекпе-жек өткізуге неге келіскенін түсіндірді

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге неге келіскенін түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге неге келіскенін түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Канело негізі WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпион, ресейлік Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ мексикалық келісімді бұзбауға шешім қабылдаған.

"Біздің қолымызда Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт бар. Сол келісімді бұзбай бастаған ісімізді аяқтауымыз керек. Менің ойымша, Головкин және Биволмен өткен жекпе-жек бүгінгі бокстағы тарихи оқиға. Алда Биволмен кездесу өте ме? Әрине, мен одан жеңілдім. Бірақ бұл менің әлсіздігімді білдірмейді. Спортта табандылық өте маңызды. Алда міндетті түрде онымен де жекпе-жек өткізетін боламыз.

Әзірге ең бастысы, қыркүйекте рингке оралу. Головкинмен болатын жекпе-жектің нақты уақыты жақын күндері ресми түрде жарияланады. Сәл күту керек", - деп Альварес.

Реклама
Реклама

Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек супер орта салмақта өтеді деп күтіледі. Мексикалық үшін бұл абсолютті чемпион атағын бірінші рет қорғау болмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама