19 тамыз 2023 | 10:09

Канело мансабының аяқталуына қатысты сұраққа жауап берді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

33 жастағы екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Саул Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) 30 қыркүйекте рингке оралады. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) америкалық Джермелл Чарломен (35-1-1, 19 КО) жұдырықтасады. Бұл екі абсолют чемпион арасындағы бокс тарихындағы алғашқы жекпе-жек болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке слітеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

33 жастағы екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Саул Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) 30 қыркүйекте рингке оралады. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) америкалық Джермелл Чарломен (35-1-1, 19 КО) жұдырықтасады. Бұл екі абсолют чемпион арасындағы бокс тарихындағы алғашқы жекпе-жек болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке слітеме жасап.

Осы тарихи оқиғаның алдында Канело мансабының аяқталуына қатысты сұраққа жауап берді.

"Меніңше, әлі 4 жылдай уақыт бар. Ең көбі 5 жыл. Мен 15 жасымнан бастап кәсіпқой бокспен айналысып келе жатқанымды ұмытпаңыз. 18 жыл болыпты. Мен 36-37 жаста мансапты аяқтау керегін үнемі айтп жүремін. Менің ойымша, бұл уақытқа дейін бокс маған жеткілікті болады. Бұл шынымен көп жыл ғой", - деді ол vRINGe.com-ға берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная