19 қыркүйек 2022 14:36

"Канелодан" жеңілген Головкинге міндетті қарсылас бекітілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

18 қыркүйекте Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 KO) екінші орта салмақта абсолют чемпион атағын қорғап, Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 KO) төрешілер шешімімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл жеңілісіне қарамастан Головкин орта дивизионда WBA Super және IBF чемпионы.

vRINGe.com мәліметінше, енді 40 жастағы қазақстандық таңдау жасау керек. Головкин WBA World титулына ие 39 жастағы кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) қарсы жекпе-жекте WBA Super белбеуін қорғау немесе босатуы туралы шешім қабылдауға бес күн уақыты бар.

Реклама
Реклама

"Канеломен" айқас Головкин үшін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы және DAZN платформасымен келісімшарт бойынша соңғы айқасы еді. Лараның ісін Эл Хэймонның Premier Boxing Champions компаниясы жүргізеді. Енді қазақстандық боксшы - РВС жобасына қосылуы ықтимал, ал онда WBC чемпионы Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) да бар екенін айта кетейік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram