01 қараша 2021 | 12:14

Канелоның абсолют чемпион атағына талас жекпе-жегі Қазақстанда көрсетіледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:instagram.com/calebplant

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің екінші орта салмақтағы абсолют чемпион атағына талас үшін америкалық Калеб Плантпен жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің екінші орта салмақтағы абсолют чемпион атағына талас үшін америкалық Калеб Плантпен жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Қазақстан уақытымен 7 қарашада (жексенбі) таңертең өтеді. Жекпе-жекті Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тамашалауға болады. Тікелей эфир 7.55-те басталады.

Ал кездесудің өзі Лас-Вегастағы (АҚШ) MGM Grand аренасында өтеді.

Реклама
Реклама

Бокс жанкүйерлері мен сарапшылар Альварестің басқа да қызықты жекпе-жектері болады деп үміттенеді. Соның ішінде келесі жылы Канело 2017 және 2018 жылдары кездескен қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездеседі деп сенеді. Олар бірінші кездесуде тең нәтиже көрсеткен, ал екінші кездесуде мексикалық жеңіске жеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная