18 қазан 2022 08:44

Кәрім Бензема алғаш рет "Алтын доп" иегері атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема "Алтын доп" иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Чемпионат.com басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема "Алтын доп" иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Чемпионат.com басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ойыншы спорттық карьерасында аталмыш марапатты алғаш рет алған.

"Реал" капитаны өткен жылы Ла Лигада өткізген 32 матчта 27 гол салып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасында алаңға 12 рет шығып 15 гол соқты. "Бланкос" сапында Испания біріншілігін жеңсе, Чемпиондар Лигасының финалында "Ливерпульді" ұтты. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін француз футболшыларының ішінде "Алтын допты" Раймон Коп (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан Пьер-Папен (1991) және Зинедин Зидан (1998) алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram